АЙСАРИН Әбдірахман Көшерұлы

АЙСАРИН Әбдірахман Көшерұлы (1898, бұрынғы Ақмола губ. Петропавл у. Аққұсақ бол. Шоға а. — 1938)- жазушы, публицист. 1916—18 ж. Троицк қ-ндағы “Уазифа” медресесінде оқыған. 1919 ж. сонда ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген. 1919 — 21 ж. Орынборда шыққан “Ұшқын”, “Еңбек туы” газеттерінде, Петропавл уездік халық сотында, 1926 — 32 ж. “Бостандық туы”, “Кеңес аулы”, “Еңбекші қазақ” газеттерінде қызмет атқарды. 1932 — 37 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесін басқарды. Қазақ аулының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасаттылықты бейнелеген “Болсаң, Болаттай бол”, “Мәжен”, “Тойтарқар”, “Бәсекелестер жиыны”, “Жол айрығы”, “Айжанның азабы” (1924), “Мырзалар” (1927), “Жүрек жұмбағы” (1928), т.б. әңгімелері, “Көн құрысса, қалпына барады”, “Алма өз түбінен аулаққа түспейді” (1927 — 28) атты повестері жарық көрді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *