АЙСАНЫҢ ҰЛЫ АХМЕТ

“АЙСАНЫҢ ҰЛЫ АХМЕТ” — “Қырымның қырық батыры ” топтамасына енетін батырлық жыр. Авторы белгісіз. Қазақ-қалмақ алма-кезек шабысқан аласапыран заманда күш қосып ата жауына ойран салған Ахмет, Абат, Алау, Тоған, Қазтуған батырлардың азаттық жолындағы күресі көркем баяндалған. Жырдың негізгі тақырыбы — ерлердің ынтымағы, елдің тәуелсіздігі. Жыр арагідік қара сөз түсініктемелерімен, айтуға жеңіл, аралас ұйқас түрінде, кейіпкерлердің әңгімесі ретінде құрылған. Жырды 1944 ж. ақын М.Хакімжанова атақты Мұрын жыраудан жазып алған. Өзінің айтуынша жырау бұл жырды Қашаған жыраудан үйренген. “А.ұ.А.” алғаш рет 1960 ж. жарық көрген “Батырлар жырының” 6-томында жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *