АЙРЫҚША ПІКІР

АЙРЫҚША ПІКІР, құқық саласында— соттың үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы шығарылуға тиіс жекелеген мәселелер бойынша судьялардың көпшілік дауысымен қабылданған шешіміне келіспейтін жеке судьяның пікірі. Мұндай пікір кеңесу бөлмесінде жазбаша түрде баяндалады. А. п. төрағалық етушіге тапсырылады және ол жабық конвертке салынып, іс материалдарына қоса тігіледі. Аппеляциялық, кассациялық соттар немесе қадағалау соты А. п-мен тиісті сатыда істі қарау барысында танысуға құқылы. Судьяның А. п-і бар екендігі іске қатысушыларға хабарланбайды, сот мәжілісі залында жария етілмейді. А. п. иелену құқының өзі әділсотты жүзеге асырудың конституциялық принципінің — судьялардың заң алдында тендігінің әрі бір-біріне тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *