АЙРАН — сүттен жасалатын тағам. Сиырдың, қойдың, ешкінің піскен сүтіне мәйек, ашытқы қосылып ұйытылады. А-нан қатық, құрт, ірімшік, сүзбе жасайды. А-ды тері илеуге де пайдаланған. Қалмақтар А-ды ашытып көкір (арақ) жасаған. Сүт комбинаттары А- ның бірнеше түрлерін шығарады.