АЙНЫМАЛЫ ЖҰЛДЫЗДАР — негізінен, темп-расы мен радиусының бірде ұл— ғаюы, бірде кішіреюі салдарынан жарығы құбылып тұратын жұлдыздар. А. ж. туралы де- ректер Ежелгі Қытай жылнамаларында кездеседі. Өзінің жарығын өзгертіп отыратын жұлдыздарды алғаш рет 1596 ж. Кит шоқжұлдызынан неміс астрономы Д. Фабрициус байқаған. Ал 1667 ж. француз астрономы И. Бульо оның жарығының периодты болатындығын анықтаған. А. ж-ға тек 19 ғ-дың ортасынан жүйелі түрде бақылау жүргізіле бастады. А. ж-дың саны қазір 50 мыңнан асады. Әрбір шоқ жұлдыздағы А. ж. латын әрпімен (К-ден 2-ке дейін немесе солардың әр түрлі ауысымы арқылы) белгіленеді. Олар тұтылмалы қос жұлдыздар және физикалық А. ж. болып 2 топқа бөлінеді. Тұтылмалы қос жұлдыздар белгілі бір жүйемен, жалпы ауырлық центрінен айналады, әрі ерек— ше оптикалық А. ж. тобына енеді. Ф и з и к а л ы қ А. ж. жарығының өзгеруі, жұлдыздар қойнауы мен оның сыртқы қабатындағы физ. процестерге байланысты болады. Олардың қатарына лапылдамалы (пульсациялы) айнымалы жұлдыздар (қ. Цефейдтер) жатады. Сондай-ақ А. ж-дың эруптивті, пульсарлар, тығыз орналасқан қос жұлдыздар сияқты түрлері де бар. А. ж. жарығының өзгеру периоды бірнеше сағаттан (Лирадағы КК), ондаған (Цефейдегі 8), жүздеген, тіпті екі мыңнан аса (Үшарқар-Таразыдағы а, Қа— рақұрттағы К) тәулікке дейін созылады.