АЙНА

АЙНА, оптикада — беті тегісжарық сәулесін шағылдыратын және нәрсенің оптикалық кескінін беретін шыны немесе металл дене. А-дан жарық сәулесі түсу және шағылу бұрышының тепе-теңдігін сақтай отырыпшағылады. А. арқылы денелердің оптикалық кескіні алынады және ол кескіндердің орны геом. оптика заңдары бойынша анықталадыЕң көп тараған түрі — оптикалық жазық А. Сондай-ақ оптикалық жүйелерде сфералықпараболалықэллипсоидтықт.бшағылдырғыш беттері бар д ө ң е с және о й ы с А-лар да қолданылады. А. бетінің пішіні матемжағынан неғұрлым дұрыс болған сайынолардың сапасы соғұрлым жоғары болып келеді. А-ның шағылдырғыш бетінің тегіс еместігі (микробұдырлығыжарық толқыны ұзындығымен салыстырғанда аз болуы керекЖазық емес А-лардың барлығына абберация құбылысы тәнЖазық А.— абберациясыз кескін бере алатын жалғыз оптикалық жүйеЖазық емес А-дағы дененің орны мен кескіні мына қатыс бойынша анықталады1/s+1/sr=2/r, мұндағы r — қисықтық радиусы, 5 — А. төбесінен денеге дейінгі, ал sr — А. төбесінен дене кескініне дейінгі қашықтықБұл қатыс А-ның оптикалық осі мен А-ға түскен жарық сәулесі арасындағы бұрыштың шамасы өте аз болған жағдайда ғана орындалады. А. астрономиялық (айналы телескоптарда), спектрлікжарықтандырғыш құралдарда (прожекторлардафарлардат.б.), сондай-ақ ультрадыбыстық аппаратуралар мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *