АЙНАЛАДАҒЫ ТАБИҒИ ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР

АЙНАЛАДАҒЫ ТАБИҒИ ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР – адамзаттың СЭС және АЭС-ларын пайдалану, ядролық сынақтар жасау, қоршаған табиғи ортаны (ауаны, жер асты байлықтарын, теңіз, көл, өзендерді, т.б.) зиянды салдарлы жолдармен игеру әрекеттерінен туған қиын экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында жасалған келісімдер. Олар мемл-тер арасында, бүтін бір аймақ шеңберінде немесе маңыздылығына қарай БҰҰ аясында жасалды. Бұл келісімдер өзінің реттеу объектісіне қарай аспан, теңіз, ядролық, т.б. болып бөлінеді. Мыс., атом қуатын пайдалануда қауіпсіздікке қол жеткізу үшін бірқатар конвенция түріндегі келісімдер жасалған. Я д р о л ы қ қауіпсіздік жөнінде: Екі елдің атом энергиясын пайдалануда үшінші жақтың алдындағы жауапкершілігі туралы Париж конвенциясы (1960), Ядролық реактормен жүретін кемелер операторларының жауапкершілігі туралы Брюссель конвенциясы (1962), Ядролық нұқсан келтіргені үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Вена конвенциясы (1963), Ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі Вена конвенциясы (1979), Ядролық апат жөніндегі алдын ала ескерту және апат жағдайында көмек көрсету туралы Вена конвенциясы (1986); Т е ң і з жөнінде: Жерорта теңізін ластанудан сақтау (1976), теңізді ластанудан қорғау (1978) туралы Кувейт аймақтық келісімдері және Теңіз жөніндегі (табиғатты қорғау туралы бөлімі бар) құқ конвенциясы (1982). 

Ғаламдық мәселелер бойынша: Ғаламдық конвенция (1974), Стратосферадағы озон қабатын қорғау жөніндегі конвенция (1985), Стокгольм конференциясы (1972), Ауаның көп жақты трансшекаралық ластануы туралы конвенциялар (1975 — 79) қабылданды. Қазақстан қатысқан бұл сипаттағы келісімдер қатарында Арал теңізі жөніндегі Қызылорда келісімін (1993) атауға болады. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *