АЙМАҚТЫҚ МЕТАМОРФТАНУ

 АЙМАҚТЫҚ МЕТАМОРФТАНУ — магмалық және шөгінді жыныстардың үлкен аймақ бойынша қайта кристалдану процесі. Ол жер қыртысының қозғалмалы белдеу- лерінде жүреді. Ондағы басты факторлар — қысым мен температура. Сондықтан А. мета- морфтануды динамотермиялық метаморфтану деп те атайдыБұл процесте метасоматоз да орын аладыБірақ хим.құраушылар метаморфтану белдемінен тыс кетпейді. Сол себепті А. метаморфтану жалпы изохимпроцеске жатады. Кей жағдайда метаморф— танатын жыныстардың хим. құрамы үлкен аумақта өзгереді (аллохимиялық метаморфта— ну). Қатпарлы белдеулердің алғашқы даму сатысында флюидтердің құрамы натрийлі болсаметабазиттер жасылкөгілдір тақтатастарғаамфиболиттерге айналады. Ал орогендік сатыдафлюидтерде калий рөлінің күшеюіне байланысты, гранит-гнейс ке шендері қалыптасады. А. метаморфтану процестің бағытына қарай: ү д е м е л і (про- грестікжәне к е р і (регрестік) А. метаморфтану болып келедіҮдемелі А. мета- морфтану процесінде температура (300 — 1000°С) мен қысымның (3—25 мың бар) өсуіне байланысты жаңадан жоғары температуралы минералдар пайда боладыМұның нәтижесінде магмалық және шөгінді жыныстар тақтатасқакварциткемәрмәрға, амфи- болиткегнейскегранулиткеэклогитке айналадыКері А. метаморфтануда жоғары тер- модинамикалық жағдайда қалыптасқан жыныстар температура мен қысымның тө— мендеуінен және су ерітінділерінің қатысуынан қайта өзгередіМұнда гидраттанукарбонаттану процестері кеңінен жүреді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *