АЙМАҚТЫҚ ЖАНЖАЛДАР — жеке ауданмен шектелген екі, болмаса бірнеше елдердің қатысы бар саяси-әскери даулар және қарулы қақтығыстар. Олардың шығу себептері бұрын жерге, суға таласқа байланысты болса, 20 ғ-да идеол., стратег. мақсаттар мен халықтардың тәуелсіз өмір сүруге деген ұмтылысынан шыққан қайшылықтар да А. ж-ға себеп болып отыр. 2-дүн. жүз. соғыстан кейінгі жылдарда А. ж. асқына түсіп, өте қатерлі салдар әкелетін болды. “Қырғи қабақ соғыс” жылдары алып мемл-тер әлем түпкірлеріне ықпалдарын жүргізу үшін қақтығыстарға қатысқан елдерді өздеріне қаратуға тырысьш, ол ауданға қару-жарақ, әскери тех., әскер күштерін, барлаушыларын жіберіп, оларды реттеудің орнына асқындыра түсті. Сондықтан адам шығыны, өшпенділік өршіп, дау-талас пен қарулы қақтығыс созылмалы сипат алды (мыс., Үндістан мен Пәкстан арасындағы Кашмир мәселесі, Ирак пен Иран арасындағы Шатт әл- Араб өз. бойындағы шекара, Сомали мен Эфиопия арасындағы Африка Мүйізіндегі жерлер мәселесі, т.б.). А. ж. отарлық жүйелер жойылып, олардың орнына жаңа мемл-тер пайда болуымен бірге өрши түсті. Бір халықтың шашырап, екі-үш мемл. қарамағында қалған жағдайлар көп кездесті (монғолдар, қазақтар, арабтар, курдтар, албандар, поляктар, ирландықтар, африкандықтар, т.б.). Ұлттық бірігу, ұлттық мемл. құру, халықтардың өз тағдырын өзі шешу заңдылығы БҰҰ Жарғысында мойындалғанымен, оларды іске асырудағы неше түрлі геостратег., идеол., экон., шекаралық қайшылықтар А.ж. туғызды (60 — 90 ж. Конго аймағындағы қақтығыстар, 90 ж. бұрынғы Югославия мемл., Орта Шығыстағы курдтар, т.б.). Сонымен бірге А. ж-дың өршуіне алпауыт мемл-тердің басқа елдердің ішкі істеріне қол сұғып, озбырлық саясат жүргізуі себеп болды (мыс., АҚШ Гватемалада (1954 ж.), Үндіқытайда (50-70 ж.), КСРО Ауғанстанда (70-80 ж.). Шет елдердің астыртын араласуы Кавказда, Ингушетия — Осетия, Грузия — Абхазия, Әзербайжан — Армения арасындағы, Шығыс Еуропада Молдавиядағы, Балқанда Босния мен Герцеговина, Косоводағы, Орталық Азияда Тәжікстандағы А. ж-ды туғызғаны белгілі.
А. ж-ды халықтар мүдделеріне сәйкес, әділет негізінде бейбіт түрде реттеуде бейбітшілік пен бостандық сүйгіш елдердің қосқан үлесі мол. Сонымен бірге кейбір А. ж. асқынып, оған қатысушы елдер саны ұлғайып, бара-бара халықар. дағдарысқа айналуы да ықтимал (Таяу Шығыстағы Палестина, Үндіқытайдағы, Ауғанстандағы, Парсы бұғазын- дағы, Югославиядағы оқиғалар). А. ж-ды болдырмау, оларды алдын ала болжау, себептерін анықтау, әділет жолымен реттеу, ірі мемл-тердің астыртын әрекеттеріне жол бермеу, барлық халықтарға бостандық беру, т.б. шараларды ойластыру — халықар. қауымдастықтың бірден-бір негізгі мақсаты.