АЙМАҚТАН ТЫС ҚҰБЫЛЫСТАР

АЙМАҚТАН ТЫС ҚҰБЫЛЫСТАР, а з оналық құб ы л ы с т а р (грек. а — сыз, сіз, емес қосымшасы және zonе — белдемге бағынбайды) — қайсыбір табиғи құбылыс- тардың аталған аумақтағы белдемдік ерекшеліктерге қатыссыз таралуы. Оған жер қыртысының қозғалыстары, трансгрессия, жарықтар, тау түзілу, жанартау атқылау, т.б. табиғаттың оқыс апаттары, Жер радиусының қысқаруы, Жердің өз осінен айналуы, теңіздер мен мұхиттардың толысуы мен қайтуы, т.б. жатады. Белдемдік (зональды) және белдемге бағынбайтын процестердің бір-бірімен байланысын биіктік белдеулер (мыс., табиғаттағы тау түзілу процесі) арқылы анықтауға болады. Жер шарының аймақтық, климаттық, ландшафтылық кешендерінің қалыптасуында белдемдік және белдемге бағынбайтын құбылыстардың маңызы зор. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *