АЙМАҚ

АЙМАҚ (түркі, монғол, тұңғыс-манчжур тілдерінде аумақ, округ, облыс, ел, халық деген ұғымдарды білдіреді) — жалпылама мағынада өлке, облыс, мекен жай, төңірек, айнала ұғымдарының, геологияда және саяси географияда “регион”, физ. географияда ел, аудан сөзінің баламасы ретінде қолданылады. Монғол Халық Республикасында ең ірі әкімш. бөлініс, Ресей Федерациясында өз кезінде Тува, Бурят, Алтай Республи— каларындағы әкімш. бірліктері де осылай аталған. А. сөзі алғашқыда — “ру”, “тайпа”, “тайпалық одақ”, “саяси бірлік” ұғымдары түрінде пайдаланылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *