АЙМАҒАМБЕТОВ Ақкенже (1896, Семей обл. Семей уезі Шыңғыс бол. 4-а. — 1932, Сырдария окр.) — Алашорда жасақтары қатарында болған қазақ азаматы. Дәулетті отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінен мұсылманша оқып білім алған. 1917 жылдан кейін Қазақстанның әлеум. ісіне араласып, уездік, обл. қазақ к-тінің жұмысына қолғабыс жасады, қаржылай жәрдем берді. Шыңғыстағы “Талап” игілік ұйымының құрылтайшысы болды. М. Әуезовтің басшылығымен әрі режиссёрлігімен киіз үйде алғаш қойылған “Еңлік — Кебек” спектаклінде Кебектің рөлін ойнады. А. 1918 ж. Семейде құрылған Алаш әскерін көлікпен, ақшалай қаражатпен жабдықтауға зор үлес қосты. Қызылдармен шайқаста қол бастап, майданға аттанды. Тұрағұл Абайұлымен бірге қызылдарды Семей- ден Рубцовкаға дейін қуған соғыста болып, ерлігімен көзге түсті. Ол алаш қозғалысының белсенді азаматтарына, олардың отбасына, шәкірттерге, аштыққа ұшыраған Жетісу, Сырдария казақтарына азық- түлік, қаражат жағынан көмектесіп тұрды. 1928 ж. тәр— кіленіп, отбасымен Сырдария округіне жер аударылды.