“АЙМАН — ШОЛПАН”

“АЙМАН — ШОЛПАН” — лиро-эпостық жырАлғаш жазып алыпбаспаға ұсынған — Ж. Шайхысламұлы. “А. — Ш.” жырының бұдан басқа үлгілері жоқ. 1896, 1898, 1901. 1906, 1910, 1913 жылдары Қазан баспасынан жеке кітап болып басылып шықтыТөңкерістен кейін де бірнеше қайтара басылды (1913, 1939, 1957). Жырдың оқиғасы негізінен, 19 ғ-дың алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеум.-қоғамдық тіршілігінтұрмыс-салтын қамтидыКейіпкерлердің ішінде тарихта болған адамдардың есімдері кездеседі (КөтібарАрыстанЕсетт.б.). Жырда жеке бас бостандығы көтеріледі. Айман тек жеке басының азаттығын көксеген қыз емес, ел тыньпштығынқауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалыөжет мінезді адам ретінде көрінедіЖырда Көтібар бейнесі де шебер берілгенБұрынғы батырлықтың азып, ел ішіндегі ұсақ-түйек тентектікке айналғаны осы бейне арқылы көрсетіледіҚұрылысыбейнелер жасау әдісітіл ерекшеліктері жырдың ескі поэтик. дәстүрде туғанын көрсетедіЕжелгі жыр, айтыс үлгілері кеңінен пайдаланыладыЭпикалық ұзақ дастандардағыдайоқиғалар арасын қара сөзбен жалғап отыру үрдісіжазба әдебиет дәстүріне тән белгілер де кездеседі. “А. – Ш.” — реалистік мәнерде шығарылған, аса көркем жырлардың бірі. М. Әуезовтің “А. — Ш.” жыры бойынша жазылған муз. драма (1934) Қазақтың мемлакад. опера және балет театрының репертуарынан көп жылдар бойы түспей келді. 1960 жылдан драмалық театрлар сахналарында да қойыла бастады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *