АЙЖІГІТ ҚАЛПЕ КЕСЕНЕСІ

АЙЖІГІТ ҚАЛПЕ КЕСЕНЕСІ — сәулет өнерінің ескерткіші. 1902 ж. Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. Құмөзек елді мекенінен солт-ке қарай 30 км жерде. Кемпірбай шебер салған. Айжігіт қалпе осы өңірге белгілі болған әулие. Жұрт әлі күнге дейін басына түнеп, тәу етеді. Кесененің Бетпақдалада сирек кездесетін көлемді құрылыс ретінде архит. маңызы зор. Шикі кірпіштен қос күмбезді етіп тұрғызылған. Солт.-шығыс бүйірінен және арт жағынан екі қоршау салынған. Қалпе солт.-батыс қоршаудың ішіне жерленген, бұл кесенемен байланыспайды, кіретін жағы да бөлек. Күмбезді ғимараттың өзі екі бөліктен тұрады. Кесенеге соның кішісі арқылы кіреді және осы кіші бөлік әулиеге түнеуге келгендер ассуын әзірлейтін бүйірдегі қоршаумен жалғасады. Зиярат етушілер үлкен күмбезді бөлікте түнейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *