АЙЖАН — Қостанай обл. Ұзынкөл ауд-ның солт.-шығысындағы көл. Аум. 12,6 км2. Ұз. 5,9 км, ені 3,3 км. Суы ащы. Жағалауы жазық. Су деңгейі көктемде көтеріліп, шілде — тамыз айында төмендейді. Қуаңшылық жылдары құрғап қалады. Қарашаның орта шенінде мұзы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді.