АЙДАРЛЫ ТӨБЕ – көне қала орны. Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд. орталығынан солт.-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. 1970 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген. А. т-нің қазіргі көрінісі дөңес, ұз. 60 м, биікт. 3,5 м. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Төбе үстінен жинастырылған қыш ыдыстардың жасалу тәсілдері. Оның б.з. 6-7 ғ-да болған қала орны екенін көрсетеді.