АЙБИКЕ 

АЙБИКЕ (т.ө.ж.б.) — Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы. Қоластына бірнеше барлаушы ұстаған және ұзақжылдар “қолға түскен тұтқын күң” түрінде қонтайшы ордасында күтуші болған. Зайыбы — белгілі Буланбай батыр. Тарбағатай мен Алтайдағы, Емілдегі жаудың 125 күшін және олардың орналақан жері туралы Абылай хан, Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай бастаған қазақ елінің басшыларына құпия хабар жеткізіп тұрған. А. алғыр ойлы, ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін жетік білген. Тарбағатай мен Алтай тауы өңірінде, Зайсан, Марқакөл алабында күндіз де, түнде де, тұманды, боранды күндерде де адаспай жүре беретін “жер шолғыштығымен” аты шыққан. Жоңғар мемл. құлағаннан кейін 1757 — 58 ж. шамасында ата мекеніне оралған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *