АЙБЕРГЕНОВ Төлеген (8.3. 1937, Қарақалпақстан, Қоңырат ауд. Қоңырат а. — 29.8. 1967, Нөкіс) — ақын. 1959 ж. Ташкент пед. ин-тын бітірген. 1959 — 62 ж. Қоңырат ауд-ндағы орта мектептерде мүғалім, 1962 — 65 ж. Шымкент обл. Сарыағаш ауд-ндағы орта мектеп директоры, 1965 — 67 ж. Қазақстан жазушылар одағының Әдебиетті наси- хаттау бюросында ұйымдастырушы болды. Алғашқы туындылары 1957 жылдан респ. га- зет-журналдарда жариялана бастады. Туған жерге деген ыстық сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері “Жас дәурен” атты жас ақын-жазушылар шығармала- ры жинағына енді (1961). Ақын қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғаққа құрылған, тегеурінді екпін, асау сезімге бай, әсем нақышпен өрнектелген бояуы канық жырлар әкелді. “Арман сапары”, “Өмірге саяхат” (екеуі де — 1963), “Құмдағы мұнаралар” (1968; Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., 1974), “Мен саған ғашық едім” (1970), “Бір тойымбар” (1981,1989), “Бақшаға саяхат” (1985) атты өлеңдер мен поэмалар топтамаларында замандастарының рухани өрісін, сезім байлығын, тыныс-тіршілігін, туған елдің ізгі тілеуі мен ақ ниетін тебірене жырлады. Орыс тілінде “Мир созвездий” деген атпен таңдамалы жырлары жарық көрді (1987). Бірқатар өлеңдері “Поэты Казахстана” (орыс тілінде, М., 1977), “Струны домбры” (1979), “Степновы ритмы” (1983, екеуі де украин тілінде) деген жинақтарда жарияланды.