АЙБАЛТА

АЙБАЛТА — соғыс қаруы. А- ны көшпелі халықтар өте ерте заманнан қолдана бастаған. Қазақтар бұл қару түрін 20 ғ- ға дейін пайдаланып келді. А- ның басы металдан соғылады, пішіні әр түрлі болып келеді. Балта басының — жалманының жарты ай сияқты болып дөңгелене соғылуы А. атауына негіз болған. Көне көшпелі халықтардың А-лары екі басты немесе балта басының шүйдесі ұзынша келген балға пішінді, әйтпесе істік түрінде болып келген. Шүйдесі балға түрінде, бірақ қысқа жасалған А. бастары қазақтарда да кез- деседі. Қазақ А-сының басына күмістен ою-өрнек салынады. Ерте замандарда А. басына салынған ою-өрнек магиялық рол атқарған. А-ның сабы ағаштан жасалып, кейде терімен қапталады, металл жапсырмалармен әшекейленеді. Кейбір балта саптары түгелдей терімен, күміспен қапталуы да мүмкін. Қолға ұстау үшін саптың төменгі жағына қайыстан бүлдіргі тағылады. Қазақтар ұстанған А. саптарының ұз., негізінен, 70 — 90 см аралы- ғында. Мұражай қорларындағы кейбір қазақ А-сының сабы бұдан да қысқа, ал ұзын сапты А-ның үлгілері сақталмаған. Жауынгерлер А-ны белге байлап, жорыққа шыққанда тебінгінің астына қыстырып алып жүрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *