АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ — Қазақстаңда астық дайын- дайтын ұйымдардан астықты сатып алуды, сақтауды және өңдеуді, сондай-ақ оны ішкі- сыртқы сауда рыногында сатуды ұйымдастыратын мемлекеттік корпорация. 1996 ж. құрылған. Корпорацияның 11 облыстық өкілдігі бар (1998). Оның арнайы элеваторларын- да 1,5 млн. тонна астық, оның ішінде бидайдың азық-түлікке және мал жеміне арналған сорттары, арпа мен күріш, т.б. түрлері сақталады. Сонымен қатар корпорация ішкі рынок- та нан өнімдерін дайындайтын мемл. мин-ліктер мен ведомстволарды ұн мен жарманың әр түрлі сорттарымен қамтамасыз ететін бірден-бір құрылым болып табылады. Корпорацияның астық саудасының жылдық экспорттық айналымы 1,2 млн./метр т болды (1995 — 96).  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *