АЗУРИТ

АЗУРИТ (франц. l,azur — лазурь, көк тас) — карбонаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы Сu3(С03)2 [ОН]2. Сингониясы моноклинді. Кристалдары жапы- рақша, қысқа призма пішін дес. Агрегаттары түйіршікті, қабыршақты. Түсі көк, шыны- дай жылтыр. Қатт. 3,5—4, менш. салм. 3,7—3,9 г/см3. Мыс кен орындарының тотыққан белдемінде түзіледі. А- тің серіктестері — таза мыс, малахит, куприт. Ерте замандардан Жезқазған өңірінде әшекей тас ретінде өндірілген. А. мыс кентасы ретінде, сондай-ақ көк бояу, көк дәрі (тотияйын) жасауға қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *