АЗОҚОСЫЛЫСТАР

АЗОҚОСЫЛЫСТАР — құрамында екі көмірсутекті радикалмен байланысқан азотобы (—N=N—) бар органикалық қосылыстар. Радикалдары көбіне ароматты, кейде алифаттық, тіпті аралас та болып келеді. Бұлардың ішіндегі маңыздысы ароматты А. (мыс., азобензол) болып саналады. А. спиртте, эфирде, бензолда, ал құрамында карбоксил және сульфотоптары бар А. суда да ериді. Олар нитроқосылыстарды қалпына келтіру арқылы, сондай-ақ диазоқосылыстардан, т.б. әр түрлі жолдармен алынады. Көптеген ароматты А. тоқыма материалдарды, теріні, қағазды, былғарыны, пластмассаларды жақсы бояйды, сондықтан олар өте маңызды синтетик. бояулар — азобояғыштар тобын түзеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *