АЗОТ

АЗОТ (грек. azbos — тіршіліксіз, латNitrogenium — селитра түзуші), N — элемент- тердің периодты жүйесінің V тобындағы хим. элемент, рет нөмірі 7, атом салм. 14,0067. Табиғатта тұрақты екі изотопы кездеседі: “N (99,635%),  15N(0,365%). А-ты 1772 ж. ағылшын ғалымы Д. Резерфорд ашқан. Жер қыртысындағы А-тың мөлш. 0,03%. Та- биғатта А. дербес және қосылыстар күйінде кездеседі және негізгі қоры екі атомнан тұра- тын молек. түрінде ауа құрамында болады. А-тың ауадағы салмақ үлесі 75,6%, көлем үле- сі 78,1%. Жер қыртысының 1 т массасына 1 кг А-тан келеді әрі ол бейорганик. және орга— ник. қосылыстар күйінде кездеседі. Оның бейорганик. қосылыстарының негізгілеріне натрий нитраты (чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі) жатады. Органик. қосылыстар күйіндегі А-тың негізгі қоры барлық тірі организмдер белоктарының құра- мына кіреді. Кезінде жанбайтын қасиетіне байланысты “тіршіліксіз” деп аталып кет- кенімен А. тіршілікке өте керек элемент. Қалыпты темп-рада А. түссіз, иіссіз газ. Қайнау темп-расы — 196°С, қату темп-расы – 210°С. Судың бір өлшем көлемінде (20°С-та) 0,0154 көлем А. ериді, яғни оның суда ерігіштігі оттектің ерігіштігінен төмен. Ауадан аздап жеңіл болады. А. молек-ның атомдары өзара үш байланыспен тартылатындықтан, оларды бір-бірінен ажыратуға көп энергия керек. Сол себепті азот кәдімгі жағдайда тұрақты болып келеді де, литийден басқа ешқандай жай және күрделі затпен әрекеттеспейді. Хим. белсенділігінің төмендігі жөнінен А. инертгі газдардан кейінгі орынды иемденеді. А-ты қыздырса, көптеген металдармен әрекеттесіп, нитридтер түзеді. Бейметалдармен аса жоғары темп-рада ғана әрекеттеседі. Мыс., оның оттекпен әрекеттесуі 3000 — 4000°С-та басталады. Өнеркәсіпте А. ауаны сұйылту арқылы алынса, лабораториялық жағдайда аммоний нитритін немесе бихроматын қыздырып алады. А. негізінен аммиак өндіруге, ал инертті болғандықтан, электр шамдарын толтыруға қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *