АЗОТ АЙНАЛЫМЫ

АЗОТ АЙНАЛЫМЫ — табиғатта азоттың үздіксіз айналу құбылысы. Атмосферадағы азот (75,5%) электр құбылыстары мен фотохим. процестердің әсерінен әр түрлі азот қышқылының тұздарын түзеді де, жаңбыр суында еріп, топыраққа сіңеді, сөйтіп мұхит суына араласады. Түйнек бактериялары ауадағы молек. күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органик. қосылыстарға айналдырады. Белокты денелерде 17%- ке дейін азот болады. Денигрификаттану процесі (топырақ және су бактериялары арқылы азот қышқылы тұздарының бос азотқа дейін ыдырауы) жүріп, әуелі азот қышқылына, одан кейін бос азотқа айналады да, ол ауаға түседі. Ал нитрификаттану процесінің (аммиак пен азотты органик. қосылыстардың тотығуы) нәтижесінде әр түрлі азот тотықтары түзіледі. Азот қышқылы металдармен қосылып, азот қышқылының тұздарын түзеді. Олар ауа райы ыстық және құрғақ аймақтарда көбірек жиналады. Суда жақсы еріген азот қышқылының тұздарын тірі организмдер қайтадан қабылдайды. Міне осылайша, табиғатта А. а. үздіксіз жүріп тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *