АЗОР АРАЛДАРЫ

АЗОР АРАЛДАРЫ (португ. Ilhas dos Aqores — Қаршыға аралдары) — Атлант мұхитының жанартаулық аралдарында Пиреней түбегінің батыс жағына орналасқан топарал. (архипелаг) Португалия мемлекетінің иелігінде. Батыстан шығысқа қарай 600 км-ге созылып жатыр. Ауд. — 2,7 мың км2. Тұрғыны 244 мың адам (1981). Ең биік жері Пику ар-нда (2315 м). Фумаролдар, минерал және термаль сулы бұлақтары көп. Климаты суб- тропикалық мұхиттық. Тау беткейлерінде субтропикалық мәңгі жасыл орман мен бұта- лар, банан, цитрус ағаштары, абрикос, жүзім, т. б. өсіріледі. Ірі қалалары мен порттары: Понта-Делгада, Ангра-ду- Эроижму, Орта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *