АЗНАБАЕВ Эдуард Қасымұлы (6.2.1936, Жамбыл обл. Мерке а. — 21.12.1995, Алма- ты) – ғалым, геол.-минералогия ғыл. докт. (1992), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1995). ҚазМУ-ды бітірген (1960). Қазақстан ҒА-ның Геологиялық ғылымдар ин- тының аға инж. (1964 — 66), кіші және аға ғыл. қызметкері (1966-86), лаборатория меңгерушісі (1986—93), ҚР ҮҒА-ның Бат. Қазақстандағы (Атырау) Орт. кешенді отын- энергет. бөлімшесінің директоры (1993—94), лаборатория меңгерушісі (1994), Қазақ минералдық шикізаттар ғыл.- зерт. ин-ты директорының орынбасары (1994-95) болды. Негізгі ғыл-зерт. бағыты Қазақстандағы шөгінді мұнай-газ алаптарының геол. құрылымын, мұнай мен газдың жер қойнауында орналасу зандарын, көмірсутектердің пайда болуын, олардың кезеңдік, температуралық өзгеруін, көшіп- қонуын зерттеуге арналған. А. Қазақстанның 1:1 500 000 масштабтық тарихи-генетикалық мұнай-газ картасын жасауға қатысқан.