“АЗИЯ” — республикааралық апталық газет. Құрылтайшысы — “Казинпресс” концерні. 1992 жылдың қаңтар айынан Алматыда орыс-казақ тілдерінде шығып тұрған. Көлемі — 16 бет, қалыбы — А2. 20 — 30 мың данамен Орта Азия респ-ларына, Әзербайжанға тарады. Шетелдерде меншікті тілшілері болды. Негізгі тақырыптары — экон., саясат, орта азиялық мемл-тер интеграциясы мәселелері. Газет 1995 ж. жабылды.