АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ОДАҒЫ

АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ОДАҒЫ — 1989 ж. Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Мақсаты: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) халықтарының мүддесіне сәйкес экон. дамуды қамтамасыз ету; дүн. жүз. экон. дамуға жәрдемдесу; аймақтық өзара экон. тәуелділік жағдайында көп жақты еркін сауда жүйесін қамтамасыз ету; АТА-дағы ашық сауда мен ин-вестиц. саясаттағы кедергілерді жою; аймақтық ынтымақтастықта еркін сауда принциптерін жүзеге асыру. Негізгі принциптері: өзара құрмет, жауапкершілік және серіктестік; дамушы мемл-тердің мүддесіне сәйкес өзара тиімділік; ашық сұхбат арқылы консенсусқа жету. Одаққа мүше мемлекеттер (1998): Австралия, Бруней, Қытай, Канада, Кирибота, Малайзия, Маршал аралдары, Мексика, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Корея Республикасы, Сингапур, АҚШ, Тайлаңд, Тайвань, Филиппин, Чили. Одақ елдерінің жалпы ұлттық табысы дүн. жүз. өндірістің 56 процентін, дүн. жүз. сауданың 46%-ін құрайды. Аймақтық экон. және саяси дамудағы тұрақтылыққа, әсіресе, аймақтық сауда-саттық, энергетика, қоршаған орта, балық аулау, туризм, байланыс салаларына көп көңіл бөлінеді. Мемл. басшыларының 1994 жылғы Богаре (Индонезия) бас қосуында 2020 жылға дейінгі дамуға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *