АЗИЯ ДАМУ БАНКІ — Халықаралық қаржы мекемесі. БҰҰ-ның экон. және әлеум. комиссиясының шешімімен Азия және Тынық мұхит елдері үшін 1966 ж. желтоқсанда құрылды. Ол өз қызметін 1968 ж. бастады. Қазір оған 56 мемл. мүше, оның 39-ы Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) өкілі, ал қалған 16-сы бұл аймақтан тысқары елдер. Банкінің саясатын айқындайтын жоғары органы — Басқарушылар кеңесі. Банк опера- цияларының бағыттарына 12 директордан құрылған Директорлар кеңесі жауап береді. Әр директордың орынбасары бар. Директорлардың 8-і АТА елдерінің өкілдері (1998). Банк президентін Басқарушылар кеңесі 5 жылға сайлайды. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып есептеледі және банк қызметін басқарады. А. д. б. президенті Жапония өкілінен сайланады. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. Банк Бангладеште, Индонезияда, Үндістанда, Непалда, Пәкстанда, АҚШ-та өзінің тұрақты өкілдерін ұстайды.
Банк қызметінің басты бағыттары: дамушы елдердің экон. даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы саудасына жәрдем беру, қаржылай, техн. және экон. көмек көрсету. Банк бұл елдердің қажетін өтеу мақсатында жеңілдікпен берілетін несиелік операциялар жүргізу ісіне Азия, Еуропа, Таяу ІІІығыс және Солт. Америка мемл. ресурс- тарын жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. Банкінің негізгі қызметі — АТА елдеріне экон. өсу мен ынтымақтастық қарым-қатынасты жеделдету мақсатына көмек беру. Банк қарыз берудің екі түрін қолданады: бүкіл несие қорының 68,8 проценті әдеттегі қарыз, ал қалғаны Азия даму қорынан дамушы кедей елдерге үлкен жеңілдікпен беріледі. Қазақстан банкке мүшелікке 1994 ж. 19 каңтарда қабылданды. Қазақстандағы зейнеткерлік реформаны қолдауға және а. ш-н дамытуға қомақты несие бөлінді (1998).