АЗИЯЛЫҚ УЧИЛИЩЕЛЕР

АЗИЯЛЫҚ УЧИЛИЩЕЛЕР- 19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстан және Орта Азия территориясында ашылған оқу орындары. 1789 ж. Омбы қ-нда қазақ балаларына арна- лып ашылған мектеп те осылай аталды. Мұндай мектепті ашудың негізгі мақсаты жер- гілікті әкімш. орындары үшін тілмаш, хатшы, т.б. кеңсе қызметкерлерін даярлау болды. 1881 ж. А. у. пансион болып қайта құрылды. 20 ғ-дың басында қазақ жерінде осындай мектептер жүйесінің бастауыш білім беретін оқу орындары, прогимназиялар, қалалық училищелер, приход уч-щелері, орыс-қазақ және орыс-бұратана халықтар уч-щелері мен мектептері, ауылдық мектептер мен бастапқы сауат ашу мектептері, орта дәрежелі оқу орындары, мұғалімдер семинариялары және басқа түрлері жұмыс істеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *