АЗИЯДАҒЫ ОТАРШЫЛДЫҚ — ортағасырлық табиғи өндіріс тәсілінен өнеркәсіптік өндірістік қарым-қатынастарға өту кезеңінде орын алған тарихи құбылыс. Экон.-әлеум. тұрғыдан неғұрлым жетілген мемл-тер дамуы кенже қалған елдерді саяси, экон. Және рухани құлдықта ұстады, олардың табиғи байлықтарын өтеусіз, ынсапсыз тонап, арзан шикізат көзіне айналдырды.
А. о. 1498 ж. португалдықтардың Үндістанға жол ашуынан басталған. Олар Үндістанның жағалауына орнығып, Маллук аралдарын жаулап алды. Мыңдаған адамды қырып, тұтас аймақты құлдықта ұстады. Әсіресе, алым-салықты еселей жинап, плантациялар мен елді мекендерде тұрғындарды еріксіз еңбекке жегу, алтын мен күмісті ашкөздікпен өндіріп, сыртқы және ішкі саудада монополия орнату Португалия мен Испанияның отаршылдық саясатына тән сипат болды. 16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың басында экон-сы қарқынды дамып, күш-қуаты артқан Голландияның отаршылдық жорықтары басталды. Ол Шығыстағы Португалияның отар елдерін тартып алды. Тек 1652—54, 1665—67, 1672—74 ж. аралығындағы ағылшын-голланд соғыстарынан кейін ғана Голландияның үстемдігі жойылды.
17 ғ-дың соңы мен 18 ғ-дың басында Франция отаршылдық жолына түсті. Бұл кезең- дегі отаршылдық саясат, негізінен, озбыр сауда-саттық арқылы жүзеге асты. Оны рет- теудің экон-дан тысқары, әкімш. әдістері қолданылды. Тікелей тонау тәсілі отар елдердің сыртпен сауда-саттық жасау құқын шектеп, тек отарлаушыларға үстемдік құқылар беретін нормативтік актілерге ұласты. Мұндай жағдайда отарлаушы мемл-тердің компаниялары құлдарды саудаға салуға, сапасы төмен бұйымдарын аса қымбат бағаға өткізуге ерікті болды. Өндірісі қуатты өнеркәсіп салаларының өркендеуіне орай тікелей тонаумен қатар баламасыз айырбас тәсілі басталды. Отар елдер біртіндеп үстемдік құрушы мемл-тердің арзан шикізат көзіне, олардың өнімдерін өткізудің рыногына (пиасасына) айналды. Мыс., 1757—1812 ж. аралығында Англияның Үндістаннан жинаған тікелей алым-салығы 10 млн. фунт стерлинг құрады. Сонымен қатар, 1814 — 35 ж. аралығында Үндістанға мақта-мата өнімдерін өткізу көрсеткіші 65 есе ұлғайды. 1860 ж. мұнда, Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда 2 есе көп ағылшын матасы әкелінді. Арзан шикізат көзі ретінде Үндістан — мақта, кендір, апиын, Цейлон — каучук пен шай, Вьетнам — күріш, т.б. өндіруге “маман- данды”.
Англия Испаниямен соғыста, сондай-ақ Голландияның, Португалияның есебінен өз иеліктерін 18 есе ұлғайтты. 1840 — 42 ж. (Франциямен бірлесіп), 1856 — 60 ж. “апиын соғыстарын” ашты. Сянганды (Гонконгті) иеленіп, Ауғанстанды бағындыруға тырысты, Парсы шығанағының маңызды бөліктерін басып алды. Ал Франция Вьетнамды (1850 — 80 ж.) бағындырып, Камбоджада (1863 ж.), Лаоста (1893 ж.) өз билігін орнатты. А.о. жергілікті халықтардың ұлт-азаттық күресімен қатар жүріп отырды. Мыс., 1857 — 59 ж. Үндістанда, 1851 — 64 ж. Қытайда (Тайчин), 19 ғ-дың 80 — 90 ж. Үндіқытай елдерінде отаршылдарға қарсы көтерілістер болды.
Басқыншылықпен қатар көптеген елдерді билеп-төстеп, жартылай отарға айналдыру саясаты кеңінен жүргізіле бастады. 19 ғ-дың 40 — 50 ж. АҚШ Қытай мен Жапонияға әділетсіз келісімшартын еріксіз танды. 1-дүн. жүз. соғыс қарсаңында Қытай, Иран, Түркия, Сиам жартылай отар ел халіне душар болды. 19 ғ- дың соңы мен 20 ғ-дың ба- сында Германия, АҚШ пен Жапония басқыншылық жорықка шықты. 1898 ж. АҚШ Филиппин, Гуам аралдарын басып алды. Қытайда “ашық есік” саясаты белсенді жүргі- зілді. Германия Түркияға, Таяу және Орта Азияға, Қиыр Шығысқа экспания жасады. 1905 ж. Жапония Ляо-дун жартыаралын, Манжұр темір жолының оңт.тармағын, Оңт. Сахалинді иеленді. Сондай-ақ 1910 ж. ол Кореяға қарсы соғыс ашып, Оңт. Манжұрға (Солт.-Шығ. Қытай) толық бақылау жасады. Бұл кезеңдердегі отаршылық саясат әскери-саяси қысым жасау арқылы қамтамасыз етіліп, әкімш. тәсілдер экон. айлашарғылармен ұштастырылып отырды.
1-дүн. жүз. соғыстан кейін Германия өзінің отар елдерінен айырылды, Осман импе- риясының бірқатар аудандары Англия мен Францияның қол астында қалды. Отар елдерде жаппай азаттық күресі басталды. Мыс. , Қытайдағы “4 мамыр” (1919) қозғалысы, Кореядағы жапондарға қарсы көтеріліс (1919), Үндістандағы, Индонезиядағы, Сириядағы, Ирактағы, Палестинадағы, Түркиядағы және т.б. елдердегі бұқаралық қозғалыстар. “Мандатпен басқарылатын” деп аталған терр-лар рәсімделген 20—30-жылдарда да отаршылдық саясат жалғаса берді. Жапония 1931 ж. Қытайға басып кірді, 1937 ж. бүкіл елді жаулап алу үшін соғыс ашты. 2-дүн. жүз. соғыс кезінде көптеген елде (Индонезияда, Малайяда, Бирмада, Вьетнамда, Филиппинде) азаттық үшін күрес басталды, әсіресе, Үндістандағы, Қытайдағы, Таяу Шығыстағы тәуелсіздік жолындағы шайқасбұқаралық сипаталды. 1943 ж. Сирия мен Ливан, 1945 ж. Индонезия мен Вьетнам, 1947 ж. Үндістан мен Пәкстан тәуелсіздігін жариялады. Трансиордания (1946), Филиппин (1946), Бирма (1948), Цейлон (1948), Камбоджа (1953), Лаос (1954) егемен мемл. ретінде танылды, 1961 ж. португалдықтардың езгісіндегі Боа, Даман мен Диу Үндістанға қосылды. Қытай да егемендігін жариялап (1949), Сянганды өзіне қосты (1997). Корея 1945 ж. тәуелсіздікке ие болды. Ресейдің А. о. басқыншылығы Қазан (1552) және Астрахан хандықтарын (1555) жаулап алғаннан кейін басталды. 16 ғ- да башқұрттарды, 17 ғ-да Солт. Азия халықтарын біржола бағындырып, оңт-ке де көз тіге бастады. 19 ғ-да Орталық Азия халықтары отар- лық тәуелділікке ұшырады. Азия елдерінде Ресей империясының үстемдік иелену үрдісі 300 жылдан астам мерзімге созылды; оған қазақтардың мекендерін, бекіністері мен далалық қамалдарын салу арқылы әскери басқыншылық жасау; тұрақты әскери бөлім- шелерді орналастыру; тартып алған терр-ларға шаруаларды қоныстандыру; баламасыз сауда айырбасын жасау; тікелей тонау; өзінің басқару жүйесі мен әкімш.-терр. құрылымын енгізу сипаттары тән болды. 1731 ж. Әбілқайыр хан бодандыққа қабылданған кезден Қазақстанда Ресейдің отаршылдық жүйесі орныға бастады. Мемл-тіліктің жекелеген нышандары 1822 жылғы “Сібір қазақтары туралы жарғы” шыққанға дейін сақталды. 1867 — 68 жылдардағы қазақтарды басқару жөнінде “Уақытша ереже” қабылданып, мемл-тіліктің жұрнақтары түгелдей жойылды. Ал 1886, 1891 жылдардағы “Ережелер” қабылданғаннан кейін Қазақстан Ресей империясының толық отар еліне айналды. Осы кезеңде қазақ халқын орыстандыру, дала тұрмысына капиталистік қатынастарды енгізе отырып, оны жалпы империялық жүйеге кіріктіру саясаты кеңінен жүргізілді. Қазақстан “Ерікті соц. республика” деп жариялағанымен, тоталитарлық Кеңес үкіметінің кезінде де отаршылдық саясат жалғаса берді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның мемл. тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін қазақ халқын езгіде ұстаған отаршылдықтың жойылуына саяси-экон. алғышарттар жасалды.