АЗИМУТ

АЗИМУТ (араб. ассумут — жол, бағыт) — бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикаль жазыктығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солт. ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0°-тан 360°- қа дейін өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты нағыз (шын) А. және магниттік А. болып бөлінеді. Н а ғ ы з (шын) А. — аспан шырағының бағыты мен жердегі объектіге бағытталған сызықтың арасындағы горизонталь бұрыш. Ол буссоль (компас) арқылы өлшенеді. Магниттік А. — магниттік меридианның солт. ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) А-ы мен магнитгік А-ының шамалары бірдей болмайды, себебі Жердің магнит өрісінің әсеріне байланысты тілі ауытқып отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *