АЗДАР — көне түркі тайпасы. 7 — 11 ғ-да қазіргі Тува Респ. аумағын мекендеген. 7 — 8 ғ-да А-дың бір бөлігі Жетісу жеріне келіп, Шу өз-нің бойына жағалай қоныстанған. “Худуд әл-алам” (“ Әлемнің шекарасы”) кітабында А. түргештердің бір руы делінген. Тува және Алтай тауын жайлаған А. кейінірек Сібір халықтарына (алтай, телеут), Жетісу жеріндегісі қазақ, өзбек, қырғыз халықтарына сіңіп кеткен.