АЗА ТҰТУ — өлген кісінің қазасына қайғыру рәсімі. Аза үстінде марқұмның игі істері, қайырымдылығы еске алынады. Жиналған жұрт мұңды күй кешеді. Әбестік сөздер айтуға, күлкі-дабыра туғызуға тыйым салынады. Кісісі өлген үй тұлданады, туыстары қара жамылып, қайғы шегеді. А. т. өлген кісінің жылын бергенге (қ. Ас беру) дейін созылады. Жыл толып, асы берілгеннен кейін азалы ту жығылып, қаралы күй тоқтатылады.