АЗАП 

АЗАП (араб. азаб — қинау) — шариғат заңдары бойынша істеген күнәсі үшін берілетін жаза. Ислам діні және оның қағидалары бойынша сот тарапынан белгіленетін жаза да, қиямет күні берілетін жаза да А. деп аталады. Әрбір адамның іс-әрекеті, ойы адал мен арамға, жақсы мен жаманға бөлінеді. Кімде-кім арам мен жаман іс- әрекеттер істесе, не сондай ойда болса, онда сол іс-әрекеттеріне орай жаза беріледі. Ол іс-әрекеттерді екі иықтағы екі періште жазып, белгілеп отырады. 

Сопылық ілімде А. шегу — күнәдан арылып, рухани тазарудың (“тарихаттың”) бас- ты шарты. Сондықтан сопылар дәруіш болып ел кезуді, жанын қинап зікір салуды, есінен танғанша хаққа жалбарынып дұға оқуды саналы түрде әдетке айналдырған. Мұндай қасиетті іс жалпыға бірдей міндетті емес, тек рухы күштілердің ғана қолынан келетін әрекет саналған. Тек осындай А-қа шыдаған жан ғана мағрипат жолына түсіп, Хақпен дидарласып, ақиқаттың мәнін ұға алады. 

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы А. ұғымы да осы түсінікке ұқсас. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *