АЗАМАТТЫҚ — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мем- лекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шетелде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемл-тің заң- дарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси- құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. ҚР-ның Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10- бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге аза- маттық алу құқы екі негізге: қандық және түп — тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия, т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) ҚР-ның 1991 ж. 20 желтоқсанда қабылданған (1993 ж. 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) “Азаматтық туралы заңы” бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады.