АЗАМАТТЫҚ ХАЛ-АХУАЛ

АЗАМАТТЫҚ ХАЛ-АХУАЛ — арнаулы мемлекеттік органдарда міндетті түрде тір- келетін азаматтардың өміріндегі негізгі уақиғалар. “А. х.- а.” деп осы оқиғалар туралы жазбаны да атайды. ҚР-ның Азаматтық Кодексіне сәйкес мынадай А. х.-а-дар: 1) туу; 2) некеге тұру; 3) некені бұзу; 4) бала асырап алу; 5) әкелікті анықгау; 6) аты-жөнін, ныс- пысын өзгерту; 7) азаматтың қайтыс болу уақиғалары мемл. тіркеуге жатады. А. х.-а. құжаттары мен куәліктер осы жазбалардың негізінде беріледі. А. х.-а. жазбаларына қатысты тиісті мемл. органдар мен азаматтардың арасында дау туындаған ретте, оны сот арқылы шешеді. А. х.-а. актілерін ресімдеудің, сақтаудың, қалпына келтірудің және жо- юдың, т.б. тәртібі мен мерзімі арнаулы заңмен белгіленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *