АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП — қылмыстық процесте: азаматтың немесе заңды тұлғаның қылмыстық әрекет салдарынан шектірілген материалдық зиянды өтету үшін қылмыстық іс процесінде берген, қылмыстық іспен бірге қаралатын талап-шағымы. Қылмыстық іске қатысты А т-тың мөлшері мен дәлелдеу негіздемелері қылмыстық іс жүргізу заңдары бойынша айқындалады. Егер А. т. азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралмаған болса, онда ол қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап сот тергеуі басталғанға дейін ұсынылуы керек. А. т. қылмыстық істі жүргізуші — тергеушіге, анықтау және сот органдарына талап шағымын жазу арқылы қойылады. Азаматтық талапкер деп тану немесе одан бас тарту туралы анықтау органы, тергеуші және судья — қаулы, ал сот — ұйғарым шығарады. Сондай-ақ қайтыс болған адамның асырауындағылар да А. т. қоюға құқылы. Азамат- тардың мемл. және қоғамдық мүдделері мен құқыларының қорғалуы қажет болған жағ— дайда, жәбірленушінің А. т- бын прокурордың өзі ұсынады немесе қолдайды. Заңға сәйкес А. т. бойынша жауапкершілікті айыпталушы емес, өзге адам (мыс., кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілі) көтеретін болса, онда ол кісі азаматтық жауапкер ретінде қатысады. Айыпталушы немесе оның істеген әрекеті үшін материалдық жауапкершілік арқалайтын өзге адамдардың мүліктерін тұтқындау арқылы А. т-ы қамтамасыз етіледі. А. т. берген кезде мемл. алым төленбейді. Үкім шығару барысында сот А. т. қанағаттандырылуға жата ма, жоқ па, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде қана- ғаттандырылуға тиіс деген мәселені шешуге міндетті. Істеген қылмысына байланысты адамды айыпкер деп тани отырып, сот А. т. негіздерінің дәлелділігіне және мөлшеріне орай оны толық немесе жартылай қанағаттандырады; ал істелген қылмыстың салдары- нан ешқандай материалдық зиян келтірілмегені анықталса, онда А. т. қанағаттанды- рылмайды. Ерекше жағдайларда ғана, мыс., А. т-тың мөлшерін есептеу мүмкін болмаған кезде, сот істі қарауды кейінге қалдырмай-ақ, талапкердің талабын қанағаттандырумен шектеледі, ал оның мөлшері жөніндегі мәселенің шешімін табуды азаматтық іс жүргізу тәртібі бойынша сот қарауына жатқызады. Егер А. т. берілмеген болса, бірақ сот істелген қылмыстық әрекет салдарынан материалдық зиян шектірілді деп ұйғарса, онда өз еркімен немесе прокурордың ұсынысымен зиянды өтеуге қатысты мәселені шешуге құқылы. Сот ақтау үкімін шығару кезінде қылмыстық оқиға анықталмаса не сотталушының оған қатыс- қандығы дәлелденбесе, сотталушының іс-әрекетінде қылмыстың құрамы болмаса, А. т. қанағаттандырылмайды немесе қараусыз қалдырылады. Мұндай жағдайда талапкер азаматтық іс жүргізу тәртібімен А. т-ын қайтадан беруге құқылы.