АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ, А л м а т ы азаматтық авиация академиясы- Қазақстандағы авиацияның барлық саласы бойынша мамандар даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Ол 1995 ж. Киев азаматтық авиация инже- нерлері халықар. ин-тының оқу-жаттығу орталығының негізіңде Алматыда құрылған. А. а. а. инженер-механик, инженер-электрик, радиоинженер, авиация көлігіндегі экономика мен менеджмент, инженер-ұшқыш, бортинженер, әуе қозғалысын басқару ма- мандықтары бойынша кадрлар даярлайды. ТМД елдерінің Халықаралық авиация коми- тетінің арнайы сертификатын алып (1996), халықар. деңгейдегі оқу орны ретінде та- нылды. Академияда Қырғызстан, Тәжікстан, Палестина, т.б. елдердің азаматтары да оқиды. Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бар. 70 кәсіби білімі жоғары оқытушылар дәріс береді. Олардың 5-еуі — проф., 20-сы — ғыл. кандидаттары, 10-ы — 1-сыныпты нұсқаушы (1998). А. а. а ҚР Қорғаныс мин-нің жүйесі үшін де маман кадрлар (әуе күштері әскерлерінің бортинженерлерін) даярлайды.