АЙЫПТАЛУІШЫ — қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам. Ісі бойынша басты сот талқылауы тағайын- далған А. — “сотталушы”; айыптау үкімі шығарылған А. — “сотталған”; ал ақтау үкімі шығарылған А. — “ақталған адам” деп аталады. А-ның заңға қарама-қайшы келмейтін құралдармен, тәсілдермен өзінің құқылары мен заңды мүдделерін қорғауға, өзінің не үшін айыпталатынын білуге, жауап беруге немесе одан бас тартуға және т.с.с. құқы бар. Бостандықта жүрген А. тергеушінің шақыртуы бойынша шақыртылған мерзімде келуге міндетті.