АЗОТ ҚЫШҚЫЛЬІ

АЗОТ ҚЫШҚЫЛЬІ, HNO3 — тұншықтырғыш иісі бар түссіз сұйық зат. Таза күйінде тығызд. 1,51 г/см3. Ол -42°С- та мөлдір кристалға айналып қатады. Ауада су буымен майда тамшылар түзеп “түтіндейді”. А. қ. жарық әсерінен біртіндеп ыдырайды: 4HN03=4N02 ↑+02↑+2Н20. Бөлініп шыққан азоттың қос тотығы қышқылда еріп, оны қоңыр түске бояйды. А.қ. аса өткір қышқыл, қуаты жоғары тотықтырғыш. Сұйытылған ерітіндісінде ол толық Н+ және N03-иондарына ыдырайды. Көптеген металл еместер А. қ-нда өзіне тиісті қышқылдар түзгенше тотығады. Мыс., күкірт А. қ-мен қосып қайнатқан кезде күкірт қышқылына айналады. А. қ. алтын, платина, тантал, родий, иридийден басқа металдардың бәрімен әрекеттесіп, олардың нитраттарын немесе оксидтерін түзеді. 1 көлем азот және 3 — 4 көлем тұз қышқылынан тұратын қоспа “патша арағы” деп аталады. “Патша арағы” А. қ-мен әрекеттеспейтін металдардың кейбіреуін, соның ішінде алтын мен платинаны да ерітеді. А. қ. азот тыңайтқыштарын, қопарылғыш заттар, бояулар, т.б. заттар алу үшін қолданылады. А. қ-ның тұздары — нитраттар да суда жақсы ериді. Өндірісте А. қ-н аммиакты оттектің қатысуымен толықгыру арқылы алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *