АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ, Азия спорт ойындары-төрт жылда бір рет өтетін спорт жарыстары. Жарғысы 1949 ж. қабылданған. 1-А. о. 1951 ж. Дели қ-нда өтіп, оған 11 елдің өкілдері қатысты. Алғашқы ойындар бағдарламасына жеңіл атлетика, велоспорт, баскетбол және салмақ көтеру енгізілді. А. о-на қазақстандықтар 1994 ж-дан бастап қатысты. Жапонияның Хиросима қ-нда өткен 12 А. о-на респ-дан Қ. Шағатаев, Н. Сманов (бокс), М. Мамыров (еркін күрес), Ю. Мелънтенко, Д. Турлыханов (грек-рим күресі), А. Парыгин, 0. Ребров, Д. Тюрин (қазіргі бассайыс) қатысып, алтын медальді иеленді. Жалпы алғанда, қазақстандықтар 25 алтын, 26 қола медаль алып, команда бойынша төртінші орынға шықты. 13 — А. о. 1998 ж. Тайландтың астанасы Бангкок қ- нда өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *