АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ

АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ — екі құрлық елдері жазушыларының халықаралық әдеби жиыны. 1956 ж. 23 – 28 желтоқсанда Делиде өткен Үндістан жазушылары мен Азия елдері жазушыларының конференциясында Кеңес делегациясы Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясын өткізіп тұруды ұсынды. Азия мен Африка елдері жазушыларының 1-конференциясы 1958 ж. 7 — 13 қазанда Ташкентте өтті. Бұл конференцияға Азия мен Африканың 37 елінен, Еуропа мен Американың 13 мемл-інен әдебиетшілер қатынасты. Форумда делегаттар бейбітшілік, ұлттық тәуелсіздік, халықтар ынтымағы жайында мәселе көтеріп, пікір алысты. Азия және Африка елдері жазушы- ларымен байланыс жөніндегі Кеңес к-тінің алғашқы төрағасы болып Зүлфия Исраилова, орынбасарларының бірі болып Е. Мүсірепов сайланды. Комитеттің негізгі міндеті қос құрлық жазушыларымен байланысты нығайтуға, Азия мен Африка жазушылары қозғалы- сын жандандыруға бағытталды. 2-конференция 1962 ж. 12 — 16 ақпанда Каирде өтті. Оған Азияның 31 елінен 95 делегат, Африканың 22 мемл- інен 91 өкіл, барлығы 53 елден 186 жазушы қатынасты. 3- конференция 1967 ж 25 — 30 наурызда Бейрутт0а өтті. Бейрут конференциясына Шығыстың 47 елінен 150, Еуропа мен Американың 10 мемл-інен 15 жазушы қатынасты. Азия және Африка жазушыларының Ассоциациясын құру жөнінде, Халықар. “Лотос” сыйлығын белгілеу туралы шешім қабылданды. 1970 ж. 17-20 қарашада Делиде өткен 4-конференцияға Шығыстың 33 және Еуропаның 7 елінен делегаттар мен бақылаушылар, Қазақстаннан Мүсірепов, Ә. Шәріпов, Ә. Әлімжанов, т.б. қатысты.

Азия мен Африка елдері жазушыларының Алматыда 1973 ж. 4-9 желтоқсанда өткен 5- конференциясы қос құрлық жазушыларының қозғалысындағы жаңа кезең болды. Оның жұмысына әлемнің 69 елінен 219 әдебиетші мен қоғам қайраткері қатынасты. Олардың 189-ы Азия мен Африканың 55 мемл-нен келді. Конференцияға қатысқан Қазақстан делегаттары: Мүсірепов, Әлімжанов, О. Сүлейменов, т.б. Қазақ жазушыларынан “Лотос” сыйлығын Ә. Әлімжанов алды. Азия мен Африка елдері жазушылары Шығыс халықта- рының ұлы ғалымы, гуманист және ойшыл Әбу Наср әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына арналған бірлескен жиын өткізді. Алматы конференциясы Азия мен Африка елдері ақындарының Ереванда өткен симпозиумына ұласты. 6-конференция Анголаның астанасы — Луандада 1974 ж. 26 маусым — 1 шілде аралығында өтгі. Конференцияға Азия мен Африканың 32 елінен 54 делегат және Еуропадағы мемл-терден, Кубадан, Батыс Еуропа, Солт. және Латын Америкасы елдерінең көптеген бақылаушылар, халықар. ұйымдардың өкілдері қатынасты. Конференцияда жаңа жарғы қабылданды. 7- конференция Ташкентте (1983), 8-конференция Тунисте (21- 25.10.1988) өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *