АЗАМАТТЫҚ ІС — азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азамат- тық сотта қаралатын іс. А. іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау-дамайлар жөніндегі іс; басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, аза- маттардың құқыларына нұқсан келтірген іс-әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни ар-намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т.б.) қорғауға байланысты іс жатады. А. іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі.