АЗАМАТТЫҚ ТАЛАПКЕР

АЗАМАТТЫҚ ТАЛАПКЕР, қылмыстық кұқықта қылмыстық әрекеттің салдарынан материалдық зардап шеккен, оның орнын толтыру жөніндегі талап қойған жеке азамат немесе заңды тұлға. А. т. ретінде танылған тұлға процестің қатысушысы болып саналады және алдын ала тергеу аяқталған сәттен бастап іс. материалдарымен танысу, алдын ала және сот тергеулерінің барысында дәлелдемелер келтіріп, кузаухат жазу, тергеушіге, прокурорға, судьяға, сарапшыларға және процестің өзге қатысушыла- рына қарсылық білдіру, тергеушінің, прокурордың, соттың әрекеттеріне шағым түсіру, сот мәжілісіне қатысу және сотта сөйлеу, соттың үкімі мен ұйғарымдарының азаматтық талапқа тиесілі бөліктеріне наразылық білдіру, т.б. құқыларға ие. Осы құқыларды А. т-дің өзі тікелей немесе заңды өкілі арқылы жүзеге асыра алады. Егер де А. т. жеке азамат бол- са, онда ол жәбірленушінің де процессуалдық құқыларын пайдалана алады. Соттың та- лап етуі бойынша А. т. берген талабына сәйкес өзінде бар тиісті құжаттарды тапсыруға міндетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *