Ішкі сулары. А. шөл, шөлейт белдеуде жатқандықтан, ағыны тұрақты өзендер аз және өзен жүйесі сирек. Су ағынының жылдық жалпы көл. 350 км3. Құрлықтың көпшілік бөлігінде су ағынының қабаты 50 мм-дей, тек Үлкен суайрық жотасының шығыс беткейінде 400 мм-ден асады. А-ның 7%-і Тынық мұхит алабына, 33%-і Үнді мұхитына, ал 60%-і ішкі тұйық өзендер алабына жатады. Жазғы нөсерлерден ғана оқта-текте пайда болатын көптеген ірі криптер (құрғап қалатын су арналары) Эйр көлі алабында орналасқан. Карсттан түзілген Налларбор жазығында өзен мүлдем жоқ. А- дағы ең ірі, суы мол Муррей өз-нің ұз. 2.740 км (Дарлинг саласын қосқанда). А-ның шығысындағы орта және биік таулардан бастау алатын өзендердің гидроэнергет. мүмкіншілігі зор. Осы аймақта ірі суландыру жүйелері салынған. А-да 800-ге тарта көлдер бар. Олардың көбі тек жаз айларындағы нөсерлер кезінде ғана толысады. Жылдың басқа маусымдарында олар саз, батпақ, сор болып жатады. Құрлық 1,5— 2 км терендікте кездесетін жер асты суына бай.
Дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен артезиан алабы Орталық ойпатта жатыр. Оның ауд. 1736 мың км2.