Жер бедері. А. жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады. 1) Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт. 400-500 м, үстірттің шығысында (құрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр. 2) Орталық ойпаттың биікт. 100 м-ден аспайды, ал А-дағы ең төмен жер —Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-бат-нда Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар. 3) Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот а с ы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. А-да ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.