Жануарлар дүниесі. А. жануарларының ерекшелігі — ежелгі эндемик жануарлардың көптігінде. Бұл құрлықта басқа құрлықтарда кездесетін тұяқтылар, жыртқыштар, приматтар мүлдем жоқ. Мезозой эрасы мен неоген кезеңіне тән жануарлар сақталған. Оның ішінде қалталы қасқыр, коала, кенгуру, жұмыртқа салатын бір өзекті сүт қоректілер, үйрек тұмсық пен ехидна, сондай-ақ эму түйеқұсы, қаз, лирақұйрық, түрлі тоты құстар, қара кұс, т.б. тіршілік етеді. Құрлық табиғи үш кешенге: суға тапшы, табиғаты негізінен шөл және шөлейт келетін Батыс Австралия таулы үстіртіне;геогр. белдемдігі айқын байқалатын Орталық ойпатқа;таулы-орманды ландшафтысы басым, құрлықтың негізгі суайрығы әрі климаттық шекара болып келетін Үлкен суайрық жотаға бөлінеді. Саяси-әкімш. тұрғысынан А. құрлығы толығымен Британия Достастығы құрамындағы Австралия мемлекетіне жатады.