Геологиялық құрылысы және кен байлықтары. Құрлықтың іргетасын, негізінен, А. платформасы мен Шығыс Австралия геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп- Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. А. платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұрады. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солт,- бат-нда кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс А-ның Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шығанағының оңт.-бат-нда көп ұшырасады. Платформаның солт.-бат-ндағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солт. жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс А. геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа карай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр.
Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен- Хилл, Маунт-Айза, Клонкар- ри) ірі кен орындары, оңг. мен бат-ндағы протерозой шөгінділерінде темір мен марганецтің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геол. жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлықтың шығысы мен батысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.