АҒЫНДЫ ЖЕЛІ — белгіленген ырғақпен бірыңғай технологиялық процесс бой- ынша өзара байланысты және үйлесімді жұмыс істейтін қондырғылар кешені. Ондағы жұмыс орындары технол. операциялардың кезектесуіне қарай жүйелі орналасады. А. ж. өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, оны механикаландыруға және ав— томаттандыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда тау-кен өндірісінде (мыс., Екібастұз көмір карьерлерінде), машина жасау салаларында, т.б. қолданылады.